Қоғам

«Қысым көріп жатырмыз»: Желіде Моңғолия қазақтарының үндеуі тарады

Сіздерден өтінеріміз – осы үндеуді таратып, Қазақстанның жауапты органдары мен қоғам қайраткерлерінің назарына жеткізуге көмектесіңіздер», – делінген үндеуде.

Моңғолияда тұратын бір топ этникалық қазақ әлеуметтік желі арқылы Қазақстан халқына үндеу жариялап, өздерінің қауіпсіздігі мен құқықтарының қорғалуына қатысты алаңдаушылық білдірді, деп жазды  Alash.kz.

Үндеу авторларының айтуынша, соңғы уақытта кейбір азаматтар қысым мен әділетсіздікке тап болып жүргенін алға тартады. Олар әлеуметтік желілерде қазақтарға бағытталған жағымсыз пікірлер мен кемсітушілік сипатындағы жазбалардың көбейгенін мәлімдеген.

«Сіздерден өтінеріміз – осы үндеуді таратып, Қазақстанның жауапты органдары мен қоғам қайраткерлерінің назарына жеткізуге көмектесіңіздер», – делінген үндеуде.

Жазба авторлары бұл мәселенің назардан тыс қалмауын қалайтындарын айтып, құқықтық қолдау мен дипломатиялық назарға мұқтаж екендерін жеткізді.

«Біз ешкіммен араздық іздемейміз. Тек қауіпсіз өмір сүріп, құқықтарымыздың қорғалуын қалаймыз. Үніміз естілсін! Қазақ қазаққа бейжай қарамасын», – деп жазды олар.

Әзірге Моңғолия билігі немесе Қазақстанның ресми органдары бұл үндеуге қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

 

Посмотреть в Threads

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button