«Өміріне қауіп бар»: қоғам белсендісі Ермұрат Бапиды мемлекет қорғауына алуға шақырды
Н.Назарбаев пен оның туыстарына қатысты сойқан мәлімдемелер жасады, заңсыз иелік етілген активтердің қайтуына қосқан үлесі бар.

Қоғам белсендісі Тортуыл Шоқан бұрынғы Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапидың басына қауіп төнуі мүмкін екенін айтып, мемлекеттік қорғауға алуға шақырды, — деп хабарлайды tiek.kz.
Қоғам белсендісінің айтуынша, Бәпи Парламент қабырғасынан Н.Назарбаев пен оның туыстарына қатысты өткір мәлімдемелер жасап, заңсыз иелік етілген активтердің қайтуына үлес қосты. Осы тұрғыдан алғанда оның алдағы өміріне қауіп төнуі мүмкін.
«Қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс екі адам бар болса, біреуі — Ермұрат аға Бәпи.
Парламент қабырғасынан Н.Назарбаев пен оның туыстарына қатысты сойқан мәлімдемелер жасады, заңсыз иелік етілген активтердің қайтуына қосқан үлесі бар.
Назарбаевтарға саяси люстрация толық жасалған жоқ, демек, қауіп бар.
«Пайдаланып, лақтыра салу» жақсы үрдіс емес.
Өйткені, мұны көріп отырған шенеуніктер билікке қажет болған жағдайда, «көзсіз ерлікке» бармайтын болады.
Түйін: Ермурат Бапи ағаға қорған қажет деп санаймын.
Дұрыс қызмет берілсе, сол структура ішкі қауіпсіздігі қорғайды мүмкін», — деп жазған ол өзінің facebook арақшасында.
Қоғам белсендісінің бұл пікіріне көпшілік қолдау білдірген.
«Дұрыс айтасың. Деструктивті ағымдар жайлы да көп мәселе қозғады. Әсіредіншілдерден де қауіп бар» деп жазған желі қолданушыларының бірі.
Сол секілді кейбір желі қолданушылары Бақытжан Базарбекке де осындай қауіпсіздік кепілі керек екенін жазған.



