Қоғам

Мұхтар Жәкішевтің қызы Испанияда дүркіретіп үйлену тойын өткізді (ВИДЕО)

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің қызы Алтынай Жәкішева Испанияда салтанатты үйлену тойын өткізді.

Алтынай мен оның жары Карл Оби үшін ұйымдастырылған мереке тарихи виллалардың бірінде, ашық аспан астында өткен. Көркем табиғат аясындағы тойға жас жұбайлардың туған-туыстары мен жақын достары қатысқан.

Қалыңдық ұзын желбіршекті, ақ түсті сәнді көйлек таңдаса, күйеу жігіт ақ пиджак пен қара шалбардан тұратын классикалық смокинг киген.

Салтанатты рәсімнен кейін қонақтарға мерекелік дастарқан жайылып, тойдың торты кесілген. Кеш би мен ойын-сауық бағдарламасына ұласқан.

БАҚ мәліметінше, 27 жастағы Алтынай Лондонда модель болып жұмыс істейді. Оның жары Карл Оби инвестиция саласында қызмет етеді. Бұған дейін жұп Лондонда некесін ресми түрде қиған.

Ал Алматыда қазақтың дәстүріне сай қыз ұзату рәсімі ұйымдастырылып, оған күйеу жігіттің Нигериядан келген туыстары да қатысқан.

Испаниядағы әсерлі тойдан жарияланған кадрлар әлеуметтік желі қолданушыларының қызығушылығын тудырды.

Көпшілік жас жұбайларға бақыт тілеп, тойдың безендірілуі мен қалыңдықтың образына жоғары баға берген.

altyn-orda.kz

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button