Заң үстемдігі
Тренд

Сұлтан Сәрсемалиев өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Тергеу нұсқасына сәйкес, айыпталушы әйелінің туыстарына шамамен алпыс пышақ жарақатын салған.

Атырау облысында бүкіл елді дүр сілкіндірген атышулы қылмыстық іске нүкте қойылды, деп хабарлайды tiek.kz.
Сот шешімімен төрт бірдей жақын туысының өмірін қиды деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиев өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Тергеу нұсқасына сәйкес, айыпталушы әйелінің туыстарына шамамен алпыс пышақ жарақатын салған.
Сот барысында оның қайнысы Наурыз Мұқанғалиевті, қайын атасы Мақсот Қарабалинді, қайын енесі Нәсіп Өтешқалиеваны және балдызы Мейрамгүл Қарабалинаны қатыгездікпен өлтіргені толық дәлелденді.
Бұл сұмдық қылмыстан бөлек, сотталушының интернет арқылы алаяқтық жасап, мал ұрлығымен де айналысқаны әшкере болды.
Қоғамда үлкен резонанс тудырған бұл істе мемлекеттік айыптаушы қылмыскерге ең ауыр жаза тағайындауды сұраған еді. Сот прокурордың талабын толықтай қанағаттандырып, үкім шығарды.
Мемлекеттік айыптаушы сот жарыссөзінде оған қауіпсіздігі ең жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын.

 

Соңғы сөзінде Сәрсемәлиев кез келген жазаға, оның ішінде өмір бойына бас бостандығынан айыруға дайын екенін айтқанымен, қылмыстың пайдакүнемдік ниетпен жасалғаны туралы айыппен келіспейтінін мәлімдеді.

Сәрсемалиев жазасын атақты «Қара бүркіт» түрмесінде өтеуі мүмкін.

«Қара бүркіт» (ресми атауы – Қостанай облысындағы №39 мекеме) – ерекше қауіпті қылмыскерлерге арналған аса қатаң режимдегі колония. Бұл түрмеде жазасын негізінен өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар және ең ауыр қылмыстар (қарақшылық, адам өлтіру) жасап, сот үкімімен қатаң жазаға кесілгендер өтейді.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button