
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев Қазақпаратқа Ұлттық қауіпсіздік органдары күніне орай берген бағдарламалық сұхбатында айтты, деп хабарлайды tiek.kz.
«Соңғы төрт жылда Қазақстан аумағында террористік актілер мен зорлық-зомбылық акцияларын жасаудың 10 әрекетінің алды алынғанын хабарлай аламын», — дейді ҰҚК төрағасы.
Сондай-ақ, 290-нан астам діни радикал сотталды, террористік қызметке қатысы бар 1800-ден астам шетелдіктің елге кіруінің жолы кесілген.
«Ақпараттық кеңістікте радикалды жарияланымдарға апаратын 100 мыңға жуық сілтеме анықталып, бұғатталды. Комитет шетелдегі террористік көріністерді де жиі әшкерелейді. Шетелдік серіктестерге олардың елдерінде дайындалып жатқан 11 теракт туралы ақпарат берілді.
Осы құрғақ сандардың артында үлкен жанқиярлық пен уақытты қажет ететін қажырлы жедел жұмыс тұрғанын атап өткім келеді. Біз бірқатар қарулы шабуылдарға жол бермей, мемлекетке нұқсан келтірудің алдын алдық және ең бастысы, адам өмірлерін сақтап қалдық», — деп атап өткен Сағымбаев өз сұқбатында.



