«240 мың төлеген»: Қайрат Нұртас 19 жастағы қызды қонақүйге шақырған
Қайрат Нұртас қызды қонақ үйге шақырып, зорламақ болған. Оқиға Астанадағы Ritz-Carlton қонақ үйінде болған.

Желіде 19 жастағы бойжеткен әнші Қайрат Нұртастың үстінен полицияға шағым түсіргені туралы ақпарат тарады.
Қайрат Нұртас қызды қонақ үйге шақырып, зорламақ болған. Оқиға Астанадағы Ritz-Carlton қонақ үйінде болған.
EGOV.PRESS және журналист Михаил Козачковтың телеграм-арнасында тараған мәліметтерге сүйенсек, оқиға 10 шілдеде Астананың Есіл ауданында болған.

2006 жылы туған Оңтүстік Қазақстан тумасы интимдік қызмет көрсету үшін қонақүй нөміріне шақырылған. Қызмет ақысы үшін 240 мың теңге төленеді. Алайда процесті телефонға түсірмек болған кезде екеуара жанжал басталған.
Қонақүйдегі жанжалдан кейін қыз полиция шақырған. Алайда аудандық басқармаға жеткізілген соң ол барлық шағымынан бас тартты. Тараған ақпаратта бойжеткеннің жезөкше ретінде есепте тұрғаны айтылады.
Әнші әзірге бұл ақпаратқа пікір білдірген жоқ. Полиция да нақты ақпарат тарата қоймады.



