Интеллект дәуірі
Қазақстанда алғашқы крипто айырбастау пункті ашылды

Ұлттық банк Қазақстанда алғашқы крипто айырбастау пункті ашылғанын хабарлады. Яғни бұдан былай ел тұрғындары еш кедергісіз криптовалюта сатып алып, сақтай алады.
“Ұлттық Банк криптоайырбастау пункті қызметін жүргізуге рұқсат беретін алғашқы лицензияны «Pax Finance» ЖШС-ға берді”, – делінген банк хабарламасында.
Берілген лицензияға сәйкес, аталмыш пункт криптовалютаны ресми түрде сатып алып, сатып, сақтай алады, сондай-ақ, бөлімшелер ашып, криптоматтар орната алады. Әрі Қазақстан заңына сәйкес қызмет көрсететін болады.



