Оқиға
Тренд

Шұғыл! Алматыда тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Алматыдағы Наурызбай ауданына сел қаупі төніп, тұрғындар эвакуацияланып жатыр, деп хабарлады Азаттық радиосы.

Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, Ақсай өзені бойынша тұратын адамдар көшіріліп жатыр. Департамент алдын ала эвакуация деді. Тұрғындар Наурызбай ауданындағы мектептерде ашылған базаларға орналастырылады.

Алматы қаласы ТЖД жедел штаб құрған, қазір сел төнген аймақтарда азаматтық қорғаныс қызметі жұмыс істеп жатыр.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button