Оқиға

Алматыда автотұраққа таластың соңы адам өлімімен аяқталды

Алматыда автотұраққа таластың соңы адам өлімімен аяқталды.

Қайғылы оқиға 4 қазанда болған. Көршілер арасында көлік қоятын орынға қатысты дау туындап, арты төбелеске ұласқан.

Марқұм Данил ұлы және достарымен бірге қала сыртына демалып келген. Үйіне оралғанда, автотұрақта тұрған бейтаныс көлікті байқап, көршісінен оны алып тастауды сұраған. Алайда сөзге келіспеушілік туып, көршісі көмекке ағасын шақырған. Кейін ол пышақпен Данилдың мойнына жарақат салған.

Туыстарының айтуынша, Данил мен көршісі бұған дейін араласпаған әрі арасында жанжал болмаған. Күдіктінің отбасы оқиғадан кейін жалдап тұрған пәтерінен көшіп кеткен.

Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. 37 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button