Мәдениет

«Жалғандағы жарығым сөнді»: Әнші Нұрлан Өнербаевтың отбасы қара жамылды

100 жасайды деуші едім, Алланың есебі басқа екен ғой. Амал нешік.

Белгілі әнші Нұрлан Өнербаев әлеуметтік желідегі парақшасында қаралы хабар жариялап, анасының дүниеден озғанын жеткізді.

Өнер иесі жүрек тебірентерлік жазбасында анасына деген сағынышы мен қимастық сезімін білдіріп, қайғысын оқырмандарымен бөлісті.

«Жалғандағы жарығым сөнді. Анам 100 жасайды деуші едім, Алланың есебі басқа екен ғой. Амал нешік. Алдың жарық болсыншы, анашым», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары мен өнердегі әріптестері Нұрлан Өнербаевқа көңіл айтып, марқұмның иманды болуын тілеп, отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл білдірді.

Қаралы хабарды естіген көпшілік әншінің отбасына сабыр мен күш-қуат тілеп, жылы лебіздерін жаудырып жатыр.

 Sn.kz

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button