Заң үстемдігі

Санжар Боқаевты қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзарды

Санжар Боқаевтың қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды.

Бұл туралы оның қорғаушысы Радмир Утепов мәлімдеді.

Айтуынша, Алматы қаласының тергеу соты аса ірі көлемде қаржы жымқырды, жалған ақпарат таратты және Алматыдағы Баум тоғайында ағаш кесуді ұйымдастырды деген күдікке ілінген қоғам белсендісі Санжар Бокаевтің қамауда ұстау мерзімін 18 шілдеге дейін ұзартқан.

Санжар Боқаев – соңғы жылдары қоғамдық-саяси кеңістікте белсенділігімен танылған тұлғалардың бірі. 2000-жылдары мемлекеттік қызметте еңбек етіп, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Кейін қоғамдық қызметке бет бұрды.

 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button