Қоғам

«Біздің байлардың бала тәрбиесінде өз ұстанымдары бар сияқты» — журналист

Тұрмысқа шыққан қыздың Инстаграм парақшасына қарасаң, өзін еркін ұстайды әрі европалықтарша өмір сүреді.

Бұрынғы шенеунік, бизнесмен Мұхтар Жәкішевтің қызы афроамерикалық азаматпен тұрмыс құрды. Бұл туралы бүгін қазақстандық БАҚ жарыса жазды. Күйеу баласының есімі – Қарл Оби. Инвестиция саласында менеджер.
Жәкішевтің бұрынғы әйелі Жәмиладан Әйгерім, Айсұлу, Алтынай, Айдай деген төрт қызы және Айтөре есімді ұлы бар.
Ал түрмеден шыққан соң үйленген екінші жарынан 2023 жылы бір қыз туған.
Бүгін шетелдікке күйеуге шыққан Алтынай Лондонда тұрады және сән бизнесімен айналысады. Биыл 26 жасқа толған Алтынайдың Айдай есімді сыңары бар. Есімдері қазақы әрі бір-бірімен үйлескен әдемі.
Тұрмысқа шыққан қыздың Инстаграм парақшасына қарасаң, өзін еркін ұстайды әрі европалықтарша өмір сүреді. Жазбалары тек ағылшын тілінде. Лондондағы шағын тойға Жәмила мен қыздары қатысқан. Мұхтар Жәкішев көрінбейді.
Мұхтарды жұрт елім, жұртым деген отаншыл азамат деп таниды. Ұрпағы мен отбасы туралы қандайда бір артық әңгіме айтудан аулақпыз. Десе де біздің байлардың бала тәрбиелеу және ұлттық құндылықтарды сіңіруге қатысты өз ұстанымдары бар сияқты. Ол – еркіндік әрі өз қалауымен өмір сүру.
Десе де қазақ қызы шетелдікке үйленсе, ішіміз қылп ете қалатынын қалай жасырамыз? Әркім бақытты болуға лайық шығар. Бір кем дүние…
Сіз қалай ойлайсыз?
Журналист Ришат Асқарбекұлының facebook парақшасынан

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button