Қоғам

Астанадағы LRT қызметін екі аптада 1 миллион жолаушы пайдаланды

Қазір LRT-ның тәуліктік жолаушылар ағыны 65-75 мың адамға жетіп отыр.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордадағы LRT жүйесінің алғашқы жұмыс нәтижелерін жариялады.

Оның айтуынша, 16 мамырда іске қосылған жеңіл рельсті көлік екі апта ішінде 1 миллион жолаушыға қызмет көрсеткен.

Қазір LRT-ның тәуліктік жолаушылар ағыны 65-75 мың адамды құрайды. Қала әкімі бұл көрсеткіштер жаңа қоғамдық көлік түрінің тұрғындар мен қала қонақтары арасында сұранысқа ие екенін көрсететінін атап өтті.

Сондай-ақ Қасымбек LRT-ның Қосшы бағытына қарай екінші кезеңін салу жұмыстары басталғанын хабарлады. Оның сөзінше, бұл жоба елорданың көлік инфрақұрылымын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Әкім жолаушыларға жаңа көлік жүйесіне сенім білдіріп, инфрақұрылымға ұқыпты қарағаны үшін алғыс айтты.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button