Оқиға
Тренд

Астанада велосипед мінген тағы бір жасөспірімді жүк көлігі қағы кетті

Бұған дейін елордада бетон араластырғыш көлік велосипедпен келе жатқан баланы қағып кетіп, жасөспірім оқиға орнында көз жұмған еді.

Астанада велосипед тізгіндеген тағы бір жасөспірімді жүк көлігі қағып кетті. 

Оқыс оқиға Тілендиев даңғылында болған. Алдын ала дерек бойынша, КамАЗ жүргізушісі жанармай құю бекетіне бұрылу кезінде жаяу жүргіншілер өткелінен велосипедпен өтіп бара жатқан баланы байқамай қалған.

Жарақат алған жасөспірім ауруханада жатыр.

Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін елордада бетон араластырғыш көлік велосипедпен келе жатқан баланы қағып кетіп, жасөспірім оқиға орнында көз жұмған еді.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button