
Жамбыл облысында СОБР инспекторы көз жұмды деген ақпарат тарады. Бұл ақпаратты облыстық Полиция департаменті растады.
Қайғылы оқиға Қордай ауданында жедел ден қою арнайы жасағының (СОБР) казарма ғимаратында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, 1995 жылы туған қызметкер табельдік қарудан оқ жарақатын алған. Зардап шеккен азамат ауыр жағдайда аудандық орталық ауруханаға шұғыл жеткізілген. Алайда есін жимастан жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.



