
Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының құрылысы 2027 жылы басталатын болды, деп хабарлайды tiek.kz.
Бұл туралы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің елімізге мемлекеттік сапары барысында белгілі болды. «Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің белсенді құрылысы 2027 жылы басталады. Біз оны кезең-кезеңімен, блок бойынша іске қосамыз, бірінші және екінші блоктардың арасы 8–10 ай болады деп ойлаймын. Біздің міндетіміз — 30-жылдардың ортасына қарай бұл жобаны аяқтау», — деді «Росатом» басшысы Алексей Лихачев.
Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің ресми өкілі Шыңғыс Ілиясовтың айтуынша, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің мемлекеттік сапары кезінде елдегі алғашқы АЭС-ті салуға қатысты екі үкіметаралық келісімге қол қойылуы мүмкін.
Бұл құжаттар АЭС құрылысына және жобаның қаржылық тетіктеріне қатысты болмақ.



