Оқиға
Тренд

Ұшқыш көз жұмды: Павлодарда Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады

Павлодар облысындағы Железинка ауылының маңында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады.

Алдын ала деректер бойынша, әуе кемесі электр желілеріне соғылған.

Бортта екі адам болған, олардың бірі апат салдарынан қаза тапқан. Екінші ұшқышты ТЖД қызметкерлері шығарып алған.

“Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, авиациялық оқиға Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментімен тексеріледі. Оқиға орнына департамент қызметкерлері жіберілді”, — деп хабарлады Көлік министрлігі.

Аман қалған ұшқыш Апаттар медицинасы орталығының әуе бортымен Железинка аудандық ауруханасынан Павлодар қаласындағы №1 ауруханаға жеткізілді. Денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, 1998 жылы туған науқас политравма бөліміне жатқызылады. Тексеруден кейін дәрігерлер оның жағдайы туралы қосымша ақпарат береді», — делінген хабарламада.

Ұшақ «ЭЛИСА» ұйымына тиесілі болған.

Өткен аптада Алматы облысында тағы Ан-2 ұшағы апатқа ұшыраған еді. Ұшақ Алматы облысындағы Талдыбұлақ ауылы маңында талдардың арасына құлаған.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button