Қоғам
Тренд

ҚТЖ басшылары өздеріне бір миллиард теңге көлемдемінде сыйақы тағайындаған

1 миллиард теңге 19 адамға бөлінген екен

ҚТЖ басшылығы топ-менеджерлерге төленген сыйақыларға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлады tiek.kz.

Бұған дейін қаржылық есепте 19 адамға бір миллиард теңгеден астам көлемде сыйақы төленгені жарияланған болатын.

«ҚТЖ» басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов компанияда бонус тек таза пайда болған жағдайда ғана төленетінін мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша ұлттық компанияның таза пайдасы екі еседен астам өсіп, 185 млрд теңгеден 340 млрд теңгеге жеткен. Сондай-ақ бұл сомаға тек басқарма мүшелерінің бонустары емес, директорлар кеңесінің төлемдері, еңбек демалысына берілетін қаражат және басқа да төлемдер кіретіні айтылды.

Алдыбергеновтің сөзінше, сыйақы төлеу туралы шешім үш рет қаралады. Ішкі аудит қызметі, содан соң комплаенс қызметі және директорлар кеңесі қарайды.

Компания басшысы сыйақы төлеу туралы шешім бірнеше деңгейлі тексеруден өтетінін атап өтті. Алдымен ішкі аудит қызметі, кейін комплаенс-бақылау тексеріс жүргізеді. Бұдан бөлек, «Самұрық-Қазына» қоры да процесті қадағалайды.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button