
Алматыда бұрын қаржы жымқырғаны үшін сотталған Жамбыл Жабав атындағы мемлекеттік филармонияның экс-директоры Аян Сұлтанғалиев ақша айырбастау пунктіне ұрлыққа түсті.
Kozachkov offside Telegram арнасының мәліметінше, шамамен бір ай бұрын ақша айырбастау пунктіне маска киіп, қолына тапанша ұстаған ер адам ұрылққа түскен. Кейін ол ірі көлемдегі ақшаны алып, сыртқа шыққан.
Алмалы аудандық полиция басқармасы қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында күдіктіні тез анықтап, ұстаған. Ол Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының бұрынғы директоры, бұған дейін 15 жыл бұрын жымқыру ісі бойынша сотталған 68 жастағы Аян Сұлтанғалиев болып шықты.
Аян Сұлтанғалиев 2010 жылы қаржы полициясы мемлекеттік мекеме басшысын ғимаратты жөндеуге бөлінген 100 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деп айыпталған еді. Ол кездегі курс бойынша бұл сома 600 мың долларынан асады.
Онымен бірге сотталғандардың қатарында музыкант, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театры-ның бас директоры Қуаныш Уразғалиев те болған. Оған да 54 миллион теңге жымқырды деген айып тағылған. Ақырында екеуі де кінәлі деп танылды, бірақ шартты жаза алды.
Содан бері 16 жылдан астам уақыт өтті. Аян Сұлтанғалиев интернеттегі мәліметтерге сенсек, ауыл шаруашылығымен айналысқан. Сол күні ол үйіне жақын маңдағы ақша айырбастау пунктіне барған. Алайда жүзін қанша жасырса да полиция ізін суытпай ұстады.
Алматы қалалық полиция департаменті де бұл деректі растады. 1957 жылы туған ер адам ұсталған, тергеу ісі іс жүзінде аяқталған. Оған қылмыстық кодекстің 192-бабының 3-бөлігі (Қарақшылық) бойынша айып тағылып отыр. Бұл бап бойынша 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Stan.kz



