Оқиға

Алматы тауларында үш күн байланыссыз қалған турист құтқарылды

Алматы тауларында үш күн байланыссыз қалған турист құтқарылды.

ТЖМ мәліметінше,  турист 20 мамыр күні Шымбұлақ жақтан тауға шығып, екі күннен кейін оралуы тиіс болған. Белгіленген уақытта байланысқа шықпаған әрі телефоны қолжетімсіз болған соң, жақындары дабыл қаққан.

Іздестіру жұмыстарына ҚР ТЖМ «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағы мен Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің мамандары шұғыл аттанды.

Құтқарушылар 3200 метр биіктікке көтеріліп, Шымбұлақ шыңы бағытына қарай беткейлерді жаяу тексерді. Бағытты тексеру барысында жоғалған ер адам табылды. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.

Құтқарушылар оны «Медеу» биік таулы мұз айдынына дейін қауіпсіз түсіріп, жақындарына табысталды.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button