Оқиға
Тренд
Шұғыл: Астанада жер үйлер орналасқан аумақта өрт шықты (ВИДЕО)
Осы сәтте ТЖМ қызметкерлері өртті сөндіруге тырысып жатыр.

Астана қаласының Алматы ауданында Қосалқа көшесінде екі қабатты тұрғын емес ғимараттың шатыры өртенді.
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде ғимараттың шатыры толықтай отқа оранған болатын. Ашық жану байқалды, өрт дамыған деңгейге жеткен. Суды үздіксіз беру ұйымдастырылып, сөндіруге бірнеше су оқпандары берілді.
Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды. Өртті сөндіру жұмыстары жоғары жанғыш жүктеме мен қатты түтіндену салдарынан қиындап отыр. 112 пультіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.



