Спорт
Едіге Емберді ауыр атлетикадан Қазақстан рекордын жаңартып, чемпион атанды

Талдықорған қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан ел чемпионатында елордалық спортшы Едіге Емберді тамаша өнер көрсетіп, алтын жүлдеге ие болды. Бұл туралы tiek.kz ақпарат порталы хабарлайды.
Жаңа салмақ – жаңа рекорд
Бұған дейін 79 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп келген спортшы алдағы Азия ойындарына дайындық аясында 88 келіге ауысқан болатын. Жаңа салмақтағы 2026 жылғы алғашқы жарысы Едіге үшін өте табысты басталды.
Зілтемірші қос сайыстың қорытындысы бойынша 360 келіні еңсерді:
Жұлқа көтеру: 158 келіні бағындырып, өзінің жеке рекордын жаңартты.
Серпе көтеру: 202 келіні көтеріп, жеке көрсеткішін жақсартумен қатар, Қазақстан рекордын жаңартты.
Елордалық спортшының бұл жеңісі оның құрлықтық додаларға сақадай сай екенін көрсетіп отыр.



