Оқиға
Тренд

Түркістанда су тасқыны болып, екі көпір қирап қалды

80 шақты адам эвакуацияланды.

Түркістан облысының Төлеби ауданындағы Ақмешіт ауылының туристік аймағында қатты жаңбыр салдарынан Ақмешіт өзенінің деңгейі көтерілді.

Салдарынан екі көпір шайылып, адамдар эвакуацияланды.

Құтқарушылар Екпінді ауылынан 11 адамды, оның ішінде жеті баланы қауіпсіз жерге жеткізді. Демалыс аймағынан жетпіс адам, оның ішінде 20 бала эвакуацияланды.

«Нәтижесінде демалыс аймағы мен пикник аймағын байланыстыратын екі уақытша көпір шайылып кетті. Екпінді ауданындағы өткел де зақымдалды», –делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

«Уақытша өткізу пунктін орнату үшін арнайы техника тартылды. Ешкімге медициналық көмек қажет болған жоқ. Зардап шеккендер болған жоқ», – деп атап өтті министрлік.

Төтенше жағдайлар министрлігінің, Қазселқорғау ұйымының, полицияның және жергілікті билік органдарының құтқарушылары оқиға орнында жұмыс істеуді жалғастырып жатыр.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button