Пентагон Иранға қарсы әскери операцияның шығынын жариялады
АҚШ Қорғаныс министрлігі (Пентагон) Конгресстің Өкілдер палатасының Қарулы күштер комитетінде алғаш рет ресми түрде Иранға қарсы жүргізіліп жатқан «Operation Epic Fury» (Эпикалық ашу) операциясының қаржылық шығынын жариялады, деп хабарлайды tiek.kz.
Мәліметке сәйкес, соңғы екі айда АҚШ бұл соғысқа шамамен 25 млрд доллар жұмсаған. Қаражаттың басым бөлігі оқ-дәріге, операцияларды қамтамасыз етуге және техниканы ауыстыруға жұмсалды.кеткен. Бұған дейін Пентагон соғыстың алғашқы аптасының өзіне 11,3 млрд доллар кеткенін мәлімдеген.
Нысандарға соққы: Алты апта ішінде Иран аумағында 13 000-нан астам нысанға соққы жасалды.
Қолданылған қару түрлері: АҚШ мыңнан астам JASSM және Tomahawk қанатты зымырандарын, сондай-ақ 1000-ға жуық Patriot, THAAD, SM-3 және SM-6 сияқты қымбат ұстағыш зымырандарды пайдаланды.
Техникалық шығындар: Соғыс барысында F-35 жойғыш ұшағы мен бірнеше KC-135 жанармай құюшы ұшақтары, радиолокациялық станциялар зақымданды.
Адам шығыны: Өкінішке қарай, қақтығыс барысында 13 американдық әскери қызметкер қаза тауып, 400-ге жуық адам жараланды.
Қорғаныс министрі Пит Хегсет пен министрліктің қаржы директоры Джулс Херст бұл шығындарды «Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бермеу» мақсатымен түсіндірген.
Дегенмен, Конгресстегі бірқатар депутаттар соғыстың экономикаға, атап айтқанда жанармай бағасының өсуіне тигізетін әсеріне алаңдаушылық білдіріп, қаржыны тиімсіз жұмсады деп сынға алды. Қазіргі таңда АҚШ әкімшілігі шығындарды толық өтеу үшін қосымша бюджет сұрауды жоспарлап отыр.



