Wildberries Қазақстанда такси қызметін іске қосуға дайындалып жатыр

Қазақстанда такси нарығына жаңа ойыншы қосылуы мүмкін. Taxi.kz порталының негізін қалаушы Тимур Худайбергенов Wildberries компаниясы Қазақстанда такси қызметін іске қосатынын мәлімдеді.
Қазір WB Taxi төрт елде жұмыс істейді. Тимур Худайбергенов бұл туралы YouTube желісіндегі “Бизнес-Ниндзя” арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлады Stan.kz.
“Иә, Wildberries таксиі Қазақстанға келеді”, – деді ол.
WB Taxi қызметі 2025 жылдың шілдесінде Беларусь астанасы Минскіде сынақтан өткен. Сол жылдың желтоқсанында Ташкентте іске қосылды. 2026 жылғы наурызда Қырғызстанда, ал қыркүйекте Арменияда жұмысын бастады.
2026 жылғы 25 қарашадағы мәлімет бойынша, WB Taxi жолаушыларға арналған қосымшасын Google Play дүкенінен 1 миллионнан астам рет жүктеген. Ал жүргізушілерге арналған WB FLOT қосымшасын жүктеу саны 100 мыңнан асқан.



