Қоғам
Тренд

«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуы: Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді

13 қарашада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің көлік-логистика саласын дамыту мәселелері бойынша шұғыл отырысы өтеді.Жиын барысында президент “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры мен “Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

“Сонымен қатар Мемлекет басшысы “Заң мен Тәртіп” қағидатын сақтау, ұлттық компания басшыларының жеке жауапкершілігі және еліміздегі стратегиялық маңызды кәсіпорындардың қызметіндегі заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету мәселелеріне айрықша назар аударады”, – делінген хабарламада.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button