
«Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Елжас Отынышиевтің ұсталғаны туралы әлеуметтік желілерде ақпарат тарады.
Таратылған мәліметте екі басшының да уақытша ұстау изоляторына қамалғаны айтылады. Сондай-ақ оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 366-бабының 4-бөлігі көрсетілген.
Бұл баптар аса ірі мөлшерде немесе қылмыстық топ құрамында пара алуға оқталу әрекетіне қатысты.
Әзірге бұл ақпаратты ресми органдар растаған жоқ.



