Тоқаев тәртіп орнатып жатыр: «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты сарапшылар не дейді?

Елдің негізгі активтерін басқаратын қордың басшысы мен ұлттық теміржол операторының жетекшісінің сыбайлас жемқорлыққа күдікті ретінде ұсталуы расы керек қоғамда үлкен резонанс тудырып жатыр.
Сарапшылардың айтуынша, бұл елде жүйелі тәртіп орнай бастауының белгісі.
Журналист әрі қоғам белсендісі Асқар Жапаорвтың айтуынша, Мемлекет басшысы Тоқаев үлкен тәртіп орнатып жатыр. Әрі елімізде бұрын-соңды дәл мұндай үлкен тұтқындау болмаған.
«Астанада екі топ-менеджер ұсталды. Мемлекеттік активтер мен теміржол саласын басқаруда кілті маңызды орындарды иеленетін «Самрук-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшылары күдікке ілінді. Бұл — елдегі бюджеті орасан зор және экономикаға айтарлықтай ықпал ететін ең ірі компаниялар. Жүктелген сенімді ақтап, ел мүддесі үшін жұмыс істеудің орнына, топ-менеджерлер енді сыбайлас жемқорлық тергеуінің фигуранттары атанды.
Естеріңізге сала кетейін, Тоқаев кез келген құқықбұзушылыққа мүлде төзбеушілік танытылатынын және «Заң мен Тәртіп» қағидасын сақтауда ешқандай ерекшеліктер болмайтынын нақты көрсеткен еді. Қазіргі ұстау шаралары бұл талаптардың барлығына ортақ екенін көрсетеді. Қызметімен, ықпалымен немесе байланыстарымен тасалануға болмайды. Егер адам заңды бұзса, қандай ұйымды басқарғанына қарамастан, жауап беруге тиіс. Енді істің барлық мән-жайын анықтау қажет. Мұндай деңгейдегі тергеу әрекеттерінің өзі тергеу барысында тексерілетін салмақты негіздер мен жиналған материалдардың бар екенін көрсетеді. Егер кінәсі дәлелденсе, жаза тиісті түрде берілуі тиіс.
Ірі ұлттық компаниялардың басшылары үшін ешқандай ерекше жағдайлар болмауы тиіс», — дейді журналист.



