Қоғам
Тренд

Докторанттардың шәкіртақысы 500 мың теңгеге дейін өседі

Қазақстанда докторанттардың шәкіртақысын 2029 жылға дейін айына 500 мың теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.

Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Құрылтай отырысынан кейінгі брифингте мәлім етті.

Министрдің сөзінше, қазір PhD докторанттары ай сайын шамамен 260 мың теңге шәкіртақы алады. Соңғы бес жылда оның мөлшері екі есе өскен.

“Бұл жұмыс жалғасады. 2029 жылға дейін шәкіртақы 500 мың теңгеге дейін көтеріледі. Осындай жоспар бар”, – деді Саясат Нұрбек.

Министр шәкіртақыны өсіру жас ғалымдарды қолдауға бағытталғанын атап өтті. Жоспар жүзеге асса, докторанттарға төленетін ай сайынғы шәкіртақы қазіргі деңгейден екі есеге жуық артады.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button