Қоғам

«Екі апта бойы ешкім іздемеген»: пәтерінен денесі табылған департамент басшысының әпкесі мәлімдеме жасады

Оның айтуынша, кейбір мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді.

Атырауда пәтерінен өлі табылған департамент басшысы Бауыржан Асаиновтың әпкесі Алма Мұқатова марқұмның жоғалған кезеңі мен өліміне қатысты тараған ақпараттарға пікір білдірді, деп хабарлады Bairaqmedia.kz.

 

Оның айтуынша, кейбір мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді. Алма Мұқатова әлеуметтік желіде тараған ақпараттарға қатысты пікір білдіріп, інісінің екі апта бойы хабарсыз кеткені және оны ешкім іздемегені туралы мәліметтерді жоққа шығарды.

Оның сөзінше, осы кезеңнің алғашқы бөлігінде Бауыржан Асаинов еңбек демалысында болған. Ол Сарыағаш шипажайына барып демалған, ал Атырауға оралғаннан кейін өзі тіркелген емханада ем қабылдап, тиісті емдік шаралардан өткен. Мұны растайтын құжаттар, соның ішінде уақытша еңбекке жарамсыздық парағы да бар екенін айтты.

Сондай-ақ марқұмның әпкесі ағасының өліміне екі бауырдың арасындағы жанжал себеп болды деген ақпаратты да теріске шығарды. Оның айтуынша, ортаншы бауыры Атырауға отбасылық жағдайына байланысты барған. Ол 9 және 10 қазанда қалада болып, 10 қазан күні сағат 12:00-де Астанадағы тұрақты тұрғылықты жеріне ұшып кеткен.

«Шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттардың астына жазылған пікірлер жақындарының, анасының, бауырларының, әпке-қарындастарының және менің жиендерімнің жүрегіне қатты батады», – деді Алма Мұқатова.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от QOS live (@qos.live)

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button