Саясат

Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдау жасайтын күні белгіленді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауын 28 қазанда жариялайды, деп хабарлайды Tiek.kz.

Бұл туралы Президент өзінің Х (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында мәлімдеді. Мемлекет басшысының жазуынша, маңызды бағдарламалық құжат дәстүрге сай күннің бірінші жартысында оқылады.

«28 қазанда түске дейін жылдағы дәстүрге сай Қазақстан халқына Жолдауымды жариялаймын».

Сонымен қатар, Президент қазіргі уақытта алдағы Жолдаудың дайындығы қызу жүріп жатқанын, құжатты әзірлеу процесіне тікелей өзі қатысып жатқанын атап өтті.

«Қазір осы маңызды құжаттың мәтінімен жұмыс істеп жатырмын», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің парақшасында.

Скрин: https://x.com/TokayevKZ

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button