Қоғам

«Азған елдің шалдары»: Сүндет тойдағы әдепсіз бата елдің ашуын тудырып жатыр

Жас балаға қарап, "әпшуің тұрғыш болсын" деп бата берген.

Әлеуметтік желіде сүндет тойлардың бірінде берілген бата елдің ашуын тудырып жатыр.

Желі қолданушылары үлкен кісінің қол жайып айтқан сөздерінің әдепсіз екенін айтып,  наразылықтарын білдірген. Айтуларынша, азған елдің шалдары ғана осылай бата береді.

«Дап-дардай адам осылай бата бере ме?», «Масқара, батаны қор қылды!», «Балаға осындай бата бере ме екен!», «Үлкендердің түрі осы ғой, жастардан не күтеміз?», «Ұят-ай, өнегелі сөз айтудың орнына айтып тұрған сөзін қара», «Батаның да киесі бар», «Жауапқа тартсын», – деп жазды көпшілік.

Видеоның наты қай жерде, қашан түсірілгені белгісіз.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button