
Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды. Ақорданың мәліметінше, жарлық жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
“Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабының 5 тармағына сәйкес Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебаймен консультация өткізгеннен кейін «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлыққа қол қойды”, – делінген хабарламада.
Бұған дейін мәслихат сайлауына байланысты Тоқаев премьер-министр және Құрылтай төрағасымен консультация өткізген болатын.



