Қоғам
Тренд

Әскердегі қылмыс 1,5 есе көбейіп, құрбандар саны 363 адамға жеткен

Әскердегі құқық бұзушылықтарға қатысты алаңдатарлық статистика жарияланды, деп хабарлайды tiek.kz телеграм арнасы.

Finprom мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында 261 әскери қылмыс тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе көп. Ал қаралған әскери қылмыстардың жалпы саны 309-ға жетіп, бір жылда 48,6 пайызға артқан, деп жазады аталмыш дерек көзі Бас прокуратураның деректеріне сүйеніп.

Құрбандар саны 363 адамға жетті

Қаңтар-шілде аралығында жарғыдан тыс қарым-қатынасқа байланысты 74 жағдай тіркелген. Билікті асыра пайдалану 88 рет болып, 79,6 пайызға өскен.

Қызметке салғырт қараудың 16 жағдайы анықталған. Сонымен қатар ішкі қызмет немесе патрульдеу тәртібін бұзудың сегіз, билікті теріс пайдаланудың бес және биліктің әрекетсіздігінің екі жағдайы тіркелген. Ал сегіз айда әскери қылмыстардан зардап шеккендер саны 363 адамға жеткен.

Бұл 2020 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Жыл басынан бері алты әскери қызметші өзіне қол жұмсаған, тағы үшеуі суицид жасауға әрекеттенген.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button