Татьяна Савельеваның депутаттық мандаты тоқтатылды
Оған нақты не себеп болғаны әзірге ресми түрде айтыла қойған жоқ.

Құрылтайы депутат Татьяна Савельеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы қабылдады.
Шешім 7 қазанда өткен жалпы отырыста қабылданған, деп хабарлады tiek.kz.
Отырыста Орталық сайлау комиссиясының өкілі Шавхат Өтемісов 6 қазанда Татьяна Савельевадан депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш түскенін хабарлады.
«Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты Татьяна Михайловна Савельеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды сұраймыз», – деді ол.
Депутаттар оның өтінішін бірауыздан қолдады.
Татьяна Савельеваның депутаттық мандаттан бас тартуына не себеп болғаны әзірге ресми түрде нақтыланбаған.
Айта кетейік, Татьяна Савельева 2026 жылғы тамызда Құрылтайдың бірінші шақырылымының депутаты болып сайланған. Ол Қаржы және бюджет комитетінің құрамында болған.



