Экономика
Тренд

Президент елден заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға мүмкіндік беретін заңға қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Еуропа конвенциясына қосылуын ратификациялайтын заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

“Мемлекет басшысы «Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Еуропа конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, конвенцияға қосылу Қазақстанға еліміздің құқық қорғау органдарының өндірісіндегі қылмыстық істер бойынша дәлелдемелер алуға және заңсыз жолмен алынып, шетелге шығарылған активтерді елге қайтаруға мүмкіндік береді. Бұл қылмыстық істерді, соның ішінде трансұлттық қылмыспен байланысты істерді тергеудің жеделдігі мен тиімділігін арттырады.

Құжатта ұсынылған талаптар қызмет көрсету саласын, соның ішінде қаржылық қызметтерді реттеудің жалпы негіздерін белгілейді. Қағидаларда өтінімдерді беру рәсімдері мен оларды қарау мерзімдерін жеңілдету, өтінімдерді және рұқсат құжаттарын электронды түрде беру мүмкіндіктері бойынша ұсынымдар қамтылған.

Қазір қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Еуропа конвенциясына Еуропа Кеңесіне мүше 46 мемлекет, сондай-ақ одаққа мүше емес Израиль, Оңтүстік Корея, Моңғолия және Чили сынды төрт мемлекет қатысады.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button