Оқиға
Тренд

Өскеменде полиция қызметкерін өлтіріп кетті

Өскемен қаласында полиция қызметкерін өлтіру ісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 4 қазанға қараған түні Өскемен қаласындағы дәмханалардың бірінде келушілердің қоғамдық тәртіпті бұзған. Оған ескерту жасаған 40 жастағы жергілікті тұрғынға әлгі адам дене жарақатын салған. Ол полиция қызметкері болған.

“Алған жарақаттарының салдарынан ол қайтыс болды. Күдіктінің әрекетінен тағы бір азамат зардап шекті. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кету керек, қаза тапқан азамат полиция қызметкері болған. Оқиға кезінде ол қызметте болмаған”, – делінген хабарламада.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жарияланған жоқ.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button