
19 әскери қызметкерді теңізге жел алып кеткен
Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында әскери оқу-жаттығу кезінде қайғылы жағдай болды.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген кезде теңізге 19 әскери қызметкерді алып кеткен.
Қазір олардың 9-ының қаза тапқаны анықталды. Үш әскери қызметкер құтқарылған, олардың біреуі ауруханаға жеткізілген.
Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр
Қалған әскери қызметкерлерді іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Оқиға орнына құтқару қызметтерінің күштері мен қажетті құралдары шұғыл жіберілген.



