Оқиға
Тренд

Астанада автотұрақтардың бірінде әйелді пышақтап өлтіріп кетті

Астанада әйелге пышақ жарақатын салды деген күдікпен оның бұрынғы күйеуі ұсталды. Әйел сол жерде алған жарақат салдарынан көз жұмған, деп хабарлады tiek.kz.

Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 23 қыркүйек күні шамамен сағат 20:00-де болған. Полицияға әйелге шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түскен.

«Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетті. Анықталғандай, әйелге пышақ жарақатын оның бұрынғы күйеуі салған. Алған жарақаттары салдарынан әйел адам оқиға орнында көз жұмды

Күдікті жедел түрде ұсталып, Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысы Астана қаласы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Кінәлі тұлға заң талаптарына сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады», — делінген хабарламада.

 

Посмотреть в Threads

 

Бұған дейін threads желісінде Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында «йелді өлтіріп кеткен туралы ақпарат тараған еді.

Тағы бір дерек көзінде пышақ салған адамның полиция қызметкері екені айтылған. Алайда, Астана қаласы Полиция департаменті бұл деректі жоққа шығарды

«Таралып жатқан ақпаратқа байланысты хабарлаймыз: күдікті полиция қызметкері емес», — делінген хабарламада.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button