
Непалда су тасқынынан кейін Қазақстан азаматы жоғалып кеткен. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
«Алдын ала мәлімет бойынша, Қазақстан азаматы туристік топ құрамында Непалдан Қытайға өтетін шекараны кесіп өткен. Қазіргі уақытта азаматшаның нақты қай жерде екені белгісіз. Із-түзсіз жоғалған адамдарды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазақстандық дипломаттар жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеуді жалғастыруда», -делінген хабарламада.



