Silk Way Star қатысушысы Язмин Азиз Малайзияның ең үздік 30 әйелінің қатарына енді

Silk Way Star халықаралық мега жобасында Малайзия атынан өнер көрсетіп жүрген жас әнші Язмин Азиз отанында ерекше жетістікке қол жеткізді. Ол Малайзияның ең үздік 30 әйелі қатарына кірді. Jibek Joly арнасының хабарлауынша бұл жаңалықты әнші өз әлеуметтік желілерінде хабарлады.

Музыкалық мансабында жаңа белеске шыққан Язминнің айтуынша, мұндай танылуға Silk Way Star жобасына қатысуы тікелей әсер еткен. Аз уақыт ішінде ол қазақстандық көрерменнің де, әлемнің түкпір-түкпіріндегі аудиторияның да жүрегін жаулап үлгерген.

Айта кетейік, Язмин Азиз қазір байқаудың үздіктері арасында.


Silk Way Star мегажобасы жартылай финалға жетті

Silk Way Star жобасы қызыққа толы кезеңге өтті — байқау жартылай финалға жетті.
Ертең өнерпаздарды тағы бір маңызды іріктеу күтіп тұр. Тапсырмалар қиындай түспек.

Бұл эпизодта қатысушылар Қазақстанның мықты хедлайнерлерімен бірге дуэт (фит) орындайды. Сахнаға шығатын жұлдыздар қатарында:

  • Белуччи,
  • Эй Зи,
  • Ардақ Балажанова,
  • Жаркынай Ханайым бар.

Алдыңғы шығарылымда үздік үштік мынадай болды:

  1. Язмин Азиз (Малайзия) — 1-орын
  2. Саро Геворгян (Армения) — 2-орын
  3. Чжан Хэсюань (Қытай) — 3-орын

Тәжікстан өкілі Фахриддин Хакимов жобадан шығып қала жаздағанымен, Қытай төрешісі вето қолданып, оған жобада қалуға мүмкіндік берді.

Қазір байқауда 8 әнші қалды. Ал финалға небәрі екі эпизод қалды.

Бақытнұр Әлібайhttp://tiek.kz
Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Өзге де материалдар ―