Биыл 352 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды
Бүгін — алғашқы қоңырау. Оқу-ағарту министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, бірінші сыныпқа баратын балалардың саны 352 мың екен.
Жалпы биыл мектептерде білім алатын оқушылардың саны 3,9 миллионнан асады.
Мемлекет білім сапасын арттыру, балалардың білім алуы үшін жайлы орта қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр.
Осы қыркүйектен бастап мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналарға арналған 3,5 мың кеңес беру пункті өз жұмысын бастайды.
Колледждерде оқитын 300 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы 50%-ға артты. 1,7 млн оқушы мектептерде тегін тамақтанумен қамтылады.
87 мың қазақстандық оқушы оқу жылын жаңа мектептерде қарсы алуда. Жалпы 2024-2025 оқу жылы 536 мың оқушы орнына арналған 302 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Оқу бағдарламасына буллингке қарсы іс-шаралардың бірі — «Қауіпсіздік сабағы» енгізілуде. Мұның барлығы отандық білімнің сапасын арттыруға, балалар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта құруға бағытталған



