Қоғам

Нығматулиннің ұлының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нигматулиннің ұлы Нұржан Нұрлановқа қатысты рейдерлік бабы бойынша іс қозғалды, деп хабарлады tiek.kz.

«Аталған факті бойынша Алматы қаласының Полиция департаментінің тергеу басқармасы ҚР ҚК 389-бабы (өзінше билік ету) бойынша алдын ала тергеу жүргізуде. Қазіргі уақытта істің барлық жағдайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу мақсатында тергеу әрекеттері жүргізілуде», — деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін кәсіпкер Қанат Амиркин Нұржан Нұрланов өзінің «Алатаудорстройды» компаниясын тартып алып, одан айтарлықтай қаржы талап еткенін мәлімдеген болатын.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Басқа жаңалықтар

Back to top button