Қоғам

Елімізде әуе апаттарын тергейтін арнайы мемлекеттік орган құрылады

Елімізде көлік оқиғаларын, соның ішінде әуе апаттарын тергеумен айналысатын арнайы орталық құрылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік вице-министрі Талғат Ластаев мәлімдеді, деп хабарлайды Tiek.kz.

Вице-министрдің айтуынша жаңа орталық жыл соңына дейін құрылады. Орталыққа жоғары білікті мамандар тартылып, қажетті заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілмек.

«Авиациялық оқиғаларды тергеу мәселесіне келетін болсақ, бұл көрсеткіш Қазақстанда 51%-ды құрайды. ИКАО қауіпсіздік бағалауы үшін маңызды 8 критикалық көрсеткіштің бірі болып табылатын бұл параметр ең төменгі деңгейде қалып отыр -деді Ластаев.

Жаңа органның құрылуы ұшу қауіпсіздігін арттыруға және халықаралық стандарттарға сай болуға бағытталған.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Басқа жаңалықтар

Back to top button