Қоғам

Бас имамның үйі: Діни басқарма видео авторын тауып, кешірім сұратты

Әлеуметтік желіде «Астананың бас имамының үйі делінген» видеоның авторы табылды, — деп хабарлайды Tiek.kz.

ҚМДБ өкілі Ағабек Қонарбайұлы желіде видеоны таратқан адамның халықтан кешірім сұрап отырған видеосын жариялады.

«Мен осыдан екі күн бұрын интернет желісіне Астананың бас имамының үйі деп бір видео салған едім. Ол видеоны арам, жаман оймен түсірген жоқ едім. Шындығын айтсам, TikTok-қа саламын деп түсірген едім. Сол үшін бүкіл қазақ елінен кешірім сұраймын. Астананың бас имамынан, сол үйдің иесінен кешірім сұраймын. Мен де үш баланың әкесімін, жалғыз шешем бар. Мұсылман бауырларыңызды кешіріп қойыңыздар. Шу болып кетеді деп ойламадым. Жаман оймен түсірсем видеоны өз парақшама салмайтын едім», — деп кешірім сұраған видео авторы.

Шын мәнінде хан сарайына бергісіз бұл үй Астана қаласының имамы емес, басқа адамға тиесілі болып шықты. Нұрлан Лесбек есімді Астана тұрғыны жұрт арасында қызу талқыға түскен үйдің өзінікі екенін хабарлады. 

«Мен — Нұрлан Лесбекұлы. Соңғы кезде әлеуметтік желіде осы үй бас имамның үйі деп көрсетілген екен. Ол — жалған ақпарат. Бұл үй — менің үйім. Осы үйде 15 жылдан бері тұрып жатырмын.», — дейді видеодағы адам. 

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

Басқа жаңалықтар

Back to top button