Қоғам
Тренд

«TikTok-тағы қара жамылған уағызшылар неге жауапқа тартылмайды?»: белгілі заңгер Жанар Байсемізоваға араша түсті

Мен Жанар Байсеміз әпкемнің сұхбатын мұқият тыңдадым. Онда Ислам дінін қаралайтын бірде-бір сөз жоқ.

Қазақтың қыздарын жерге жығып, тепкенге дейін баратын жағдайға жеттік пе?!
Егер Жанар Байсеміз әпкем көтерген мәселе өзекті болмаса, қоғам бұлай дүрлікпес еді.
Жылдар бойы қордаланып, тек жабық есіктің ар жағында ғана айтылып келген мәселелер енді ашық айтылды. Бұл — қоғамның сұранысы.
Аида Балаева ханым, әкімшілік кодекстің 490-бабына өзгерістер енгізуге бастамашы болуы керек.
Өйткені қазіргі қолданылып отырған нормалар журналистердің жұмысына кедергі келтіріп отыр.
Мен Жанар Байсеміз әпкемнің сұхбатын мұқият тыңдадым.
Онда Ислам дінін қаралайтын бірде-бір сөз жоқ.
Керісінше, қоғамды адастырып жүрген теріс ағымдардың шынайы бет-бейнесі ашылған.
Қоғамның көзін ашу үшін осындай сұхбаттар көбейуі керек.
Ал бүгін ше?
Қара жамылғандар TikTok-та ашық түрде уағыз айтып отыр.
Неге оларға дәл осындай талап қойылмайды?
Неге олардың парақшалары бұғатталмайды?
Неге заң бәріне бірдей жұмыс істемейді?
“Төрт әйелім, отыз балам бар” деп ашық насихат жүргізіп жүргендер де бар.
Кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті тарапынан шектеу қойылған тұлғалар бүгінде әлеуметтік желілерде қайтадан еркін сөйлеп жүр.
Оларға неге шектеу жоқ?!
Құрметті қолында қалам ұстағандар Жанар әпкемнің басына түскен жағдай, әрбіріміздің басымызға келері анық.
Бұндай кезде журналисті қаралау дұрыс емес, қайта қолдау керек.

 

Заңгер Айгүл Орынбектің facebook парақшасынан.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button