Экономика
Тренд

Бензин мен дизель қымбаттайтын болды

АИ-92 маркалы бензин мен жазғы дизель отынының бөлшек саудадағы бағасы біртіндеп өсуі мүмкін.

Бұл туралы энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров мәлімдеді.

Еске салайық, аталған отын түрлерінің бағасын көтеруге мораторий 2025 жылғы 16 қазанда енгізіліп, 2026 жылғы 31 наурызға дейін қолданылды.

Вице-министрдің айтуынша, өткен жылғы тәжірибе бағаның күрт қымбаттамайтынын көрсеткен.

«Баға бірден шарықтамайды, кезең-кезеңімен өседі деп ойлаймын», – деді ол.

Дегенмен, нақты қанша мөлшерде және қай уақыт аралығында қымбаттайтыны әзірге нақтыланбады.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button