Әлем
Тренд

«Бір уыс мармелад»: Үш жасар қыз інісін кепілге алды (ВИДЕО)

Қыз тапаншасын кезеп, еш кінәсі жоқ інісін мойнынан құшақтап, «тұтқынға» алып, екі түрлі талап қойған.

Қытайдың Хэнань провинциясында болған ерекше оқиға әлеуметтік желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды. Үйдегі «билікті» өз қолына алған 3 жасар қыз нағыз экшн-фильмдердің кейіпкеріне айналып, ата-анасына сес көрсеткен, деп хабарлайды tiek.kz.

Оқиға кәдімгі тұрғын үйлердің бірінде болған. Кішкентай «күдікті» ойыншық тапаншасын кезеп, еш кінәсі жоқ інісін мойнынан құшақтап, «тұтқынға» алып, екі түрлі талап қойған:

Теледидардан тағы бір серия мультфильм көру;

Бір уыс тәтті мармелад.

Келіссөздер қалай өтті?

Кадр сыртындағы ата-анасы бұл жағдайды видеоға түсіріп, күлкісін тыя алмай тұрғаны естіледі. Дегенмен, «қылмыскердің» көңілін табу үшін олар дереу келіссөзге көшіп, барлық шарттарды орындауға уәде берді.

Бұл «мини-драма» сәтті аяқталды: «кепілге алынған» інісі аман-есен босатылды, ал әпкесі өзі қалаған сыйлықтарына қол жеткізді. Ешкім зардап шеккен жоқ, тек миллиондаған адамның көңіл-күйі көтерілді.

Бұл видео Douyin (TikTok-тың қытайлық нұсқасы) желісінде тарағаннан кейін, оқырмандар түрлі пікірлер қалдырған. «Бұл қыздың актерлік шеберлігіне Оскар беру керек екен», «Мармелад үшін кез келген адам осындай қадамға барар еді…», «Ең қызығы — інісінің ештеңе түсінбей, бақырып жылағаны», – деп жазған қолданушылар.

Мамандардың пікірінше, бұл балалардың айналасындағы мультфильмдер мен фильмдерді қайталау арқылы әлемді тануға тырысатын ойын түрі.

Десе де, Хэнаньдағы бұл «келіссөз» жылдың ең сүйкімді жаңалығына айналды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от China Insider (@chinainsider)

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button