Қоғам

Батыс Қазақстанға құлаған дрон: қылмыстық іс қозғалды

Ел аумағына дрондардың құлауына қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады, деп хабарлайды tiek.kz.

Қазіргі таңда Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында табылған дрон сынықтарына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталған.

Істер Қылмыстық кодекстің ұшу ережелерін бұзу бабы бойынша қаралуда. Құзырлы органдар тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпаратты жарияламай отыр.

Қорғаныс министрлігі де бұл фактілер бойынша қылмыстық істер тіркелгенін растады.

Айта кетейік, бұған дейін де еліміздің батыс өңірлерінде дрон сынықтары бірнеше рет табылған. Осыған байланысты әуе кеңістігін бақылау күшейтіліп, шетелдік серіктестермен кеңес жүргізіліп жатыр.

Бақытнұр Әлібай

Бақытнұр Әлібай. 1987 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2011 жылдан бері отандық БАҚ саласында еңбек етіп келеді

tiek.kz

Back to top button