
Оскар сыйлығының иегері, танымал голливудтық актриса Джессика Честейн өзінің Instagram парақшасында қазақстандық репердің туындысын қолданып, жанкүйерлерін таңғалдырды.
Актриса өзінің дайындалу сәтінен немесе түсірілім алаңынан видео жариялап, фонға Алихат Танатаровтың (hatikoali) «GO!» трегін таңдаған, деп хабарлайды tiek.kz.
Голливуд жұлдызының бұл қадамы қазақстандық желі қолданушыларының назарын бірден аударды. Отандық тыңдармандар актрисаның жазбасының астына «Qazaqstan», «Алға, Қазақстан!», «hatikoali голливудты бағындырды», деген пікірлерді қарша боратып жатыр. Тіпті кейбіреулері «Басында Instagram парақшамда ақау бар деп ойладым» деп таң қалысын білдірген.
hatikoali деген кім?
hatikoali (шын есімі — Алихат Таңатаров) – Павлодарлық өнерпаз. Қазіргі таңда танымалдылығы артып келе жатқан қазақстандық репер. Оның музыкасы бұған дейін де халықаралық платформаларда таныла бастаған, алайда Честейн сияқты әлемдік деңгейдегі жұлдыздың таңдауына ілігу — орындаушы үшін үлкен жетістік.
Оның басты хиты — «GO!» трегі. Бұл ән әлеуметтік желілердегі қысқа видеолар (Reels, TikTok) арқылы кеңінен таралды.
Бұл оқиға қазақ креативті индустрияның батыс әлемін бағындыра бастағанын тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұған дейін Иманбек (Imanbek) Грэмми алып, әлемді таңғалдырса, енді міне, голливудтық элита қазақ рэпін тыңдай бастады.
Сарапшылардың пікірінше, мұндай «тегін жарнама» қазақстандық артистердің батыс нарығына шығуына үлкен септігін тигізеді.
Джессика Честейн — әлемдік деңгейдегі жұлдыз ғана емес, сонымен қатар кино индустриясындағы ең ықпалды тұлғалардың бірі.
Актриса 2022 жылы «Тэмми Фэйдің көздері» (The Eyes of Tammy Faye) фильміндегі басты рөлі үшін үздік актриса номинациясында «Оскар» сыйлығын жеңіп алды. Бұған дейін ол «Прислуга» (2011) және «Цель номер один» (2012) фильмдері үшін екі рет үміткер болған.
Танымал фильмдері: Оның қатысуымен шыққан «Интерстеллар» (2014), «Марсианин» (2015) және «Большая игра» (2017) сияқты туындылар әлемдік прокастта үлкен табысқа ие болды.
Ең ықпалды тұлға: 2012 жылы Time журналы оны әлемдегі ең ықпалды 100 адамның тізіміне қосты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



